Нан қиқымын шашпаңдар

Бұл бетте «Нан қиқымын шашпаңдар» атты Өтебай Тұрманжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 2
  • 23872
Нан – ардақты адал ас
Кәрі, жас одан аттамас.
Ақ дастархан үстінде,
Қол жумай оны ұстамас.
Нандай жоқ қой асыл дәм,
Жеп үйренген жасыңнан.
Дастарханнан нан кетсе,
Береке кетер асыңнан.
Ей, балалар, балалар,
Болмаңдар, сірә, нанға тар.
Өмірдің алтын арқауы -
Нан қиқымын шашпаңдар,
Теріп алып, қастерлеп.
Торғайларға тастаңдар.


Пікірлер (2)

Қайрат Айару

Оте керемет осындай аталарымыз болганына куаныштымын

Алихан

Өтебай Тұрманжановтың «Нан қиқымын шашпаңдар» өлеңін оқып, нанның қадірі туралы көп ойландым. Үйде үлкендер бізге үнемі «нанды жерге тастама, нанды қастерле» деп айтады. Осы өлең сол сөздердің мәнін тереңірек түсіндіріп тұр.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нан қиқымын шашпаңдар өлеңінің авторы кім?

Өтебай Тұрманжанов — осы өлеңнің авторы.

Нан қиқымын шашпаңдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нан қиқымын шашпаңдар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Өтебай Тұрманжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нан қиқымын шашпаңдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері