Өлең, жыр, ақындар

Айша бибі

  • 04.05.2019
  • 0
  • 1
  • 2080
Қыран бүркіт ұшады қыр айналып,
Түлкі көрсе кетпейді шыр айналып.
Әлу-әй.
Ат секілді жамандық арқандаулы,
Таппай қоймас қазығын бір айналып.
Әлу-әй.

Айша-Бибі елім-ай,
Әулиеата жерім-ай.
Қыдыр келіп, бақ қонсын
Балаларға дедім-ай.

Ит болмайды қасқырды баққанменен,
Ажалсызға оқ тимес атқанменен.
Әлу-әй.
Жалқауға сөз, шабанға қамшы өтпейді,
Жібімес тас өзенде жатқанменен.
Әлу-әй.

Айша-Бибі елім-ай,
Әулиеата жерім-ай.
Қыдыр келіп, бақ қонсын
Балаларға дедім-ай.



Пікірлер (1)

Имран

Айшабибі туралы терең сезім мен тарихи рухани мәнді бейнелейтін шығарманың классикалық үлгісі. Поэзия жүрекпен сөйлейді және Айшабибі образы арқылы махаббат, сағыныш пен ұлттық тарихтың байланысын айрықша әсерлі жеткізеді. Өлең композициясы мен тіл байлығы оқырманға эмоционалды әсер қалдырып, қазақ поэзиясының көркемдік дәстүрін паш етеді. Осындай рухани мазмұнды өлеңдер адамға өзіндік ой салып, тарихи тұлғалар мен олардың сезім әлемін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Пікір қалдырыңыз

Ескі ән (2-нұсқа)

  • 0
  • 0

Келеді қонақ таңдап боз үйлерге,
Келеді ханнан қағаз бек билерге.
Етегі шапанымның-ай, шалғайданып,
Түспедім сенің үшін не күйлерге.

Толық

Әлди, балам, әлди-ай

  • 0
  • 5

Әлди, бөпем, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем,
Астыңа терлік салайын,
Үстіңе тоқым жабайын,

Толық

Марқакөл

  • 0
  • 0

Салғаным дарияға желкен қайық,
Болғанда сіз бір лашын, біз бидайық.
Іздеген сұрағанға тура келді,
Құлын-тайдай айқасып бір ойнайық.

Толық

Басқа да жазбалар