Өзіңе

Бұл бетте «Өзіңе» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.09.2018
  • 0
  • 0
  • 3663
Желге ырғалып үлбіреген
бейне жаздың гүліндей.
Сезесің бе, жастығыңды барады өтіп білінбей.
Күндер тез-ақ асығады,
жылдар жылжып артынан,
Ақ қайыңдар ырғалады таңға көзі ілінбей.
Толқындар көп айналамда,
төземін мен бәріне,
Дауыл ұйтқып құтырады мініп кейде кәріне.
Қалжыраған түн саябыр,
демалады ақырын,
Бақта бұлбұл ұйытады "сиқыры" мол әніне.
Шертші, шертші домбыраңды,
келер одан сыр ұтқым,
Көп-ақ еді айтарым да, келмеді рас шын ұққың.
Ұнатушы ем жаз әлпетті жайдары сол қалпыңды,
Қыс мінезі қалыптасты,
кешір құрбым, суықпын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзіңе өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Өзіңе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзіңе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзіңе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері