Әпитөк /3-нұсқа/

Бұл бетте «Әпитөк /3-нұсқа/» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2507
Қамысы Әупілдектің мүше-мүше,
Сарғайдым осынау көлдің суын іше, әпитөк.
Қос қанат құсқа біткен маған бітсе,
Бармас па ем сәулетайға әлде неше, әпитөк!

Сөйлесуге тіл-хат жоқ,
Өздеріңдей бір зат жоқ.
Келсе қалқам көп кешікпей алыстан,
Туған екен гүл перизат асыл тек.

Басында Әупілдектің мұнары бар,
Мойнында көк бестінің тұмары бар, әпитөк!
Құрбылар, бұл қалай деп сөге көрме,
Ғашықтық тарқамаған құмары бар, әпитөк.

Сөйлесуге тіл-хат жоқ,
Өздеріңдей бір зат жоқ.
Келсе қалқам көп кешікпей алыстан,
Туған екен гүл перизат асыл тек.

Басынан Әупілдектің мұнар кетпес,
Кей адам уәде берген сертке жетпес, әпитөк.
Кебістің жалаң аяқ басын киіп,
Ей, қалқа, қош дегенің естен кетпес, әпитөк.

Сөйлесуге тіл-хат жоқ,
Өздеріңдей бір зат жоқ.
Келсе қалқам көп кешікпей алыстан,
Туған екен гүл перизат асыл тек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әпитөк /3-нұсқа/ өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Әпитөк /3-нұсқа/ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әпитөк /3-нұсқа/ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әпитөк /3-нұсқа/ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері