Бердім бата

Бұл бетте «Бердім бата» атты Арсланбек Абдраманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сұрасаң бата берейін,
Қолыңды жай қарағым,
Жақсы тілек тілейін,
Әумин деп қой шырағым!

Уа, Аллағым оңдасын,
Жаманшылық болмасын,
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!

Жалғыз тәңір қолдасын,
Аман сақтап мал басын,
Кәсібің биікке өркендеп,
Еккен егін солмасын!

Жер жарылып, гүл болсын!
Жау қырылып, шөп болсын!
Жаман пиғыл, жоқ болсын!
Жақсы амалың, мол болсын!

Құран жаттап қари боп,
Жақсыларға ергейсін,
Менімен бірге қартайып,
Иманды болып өткейсің!

Жақсылыққа ұмтылып,
Әділдікпен жүргейсің!
Жамандықтан аулақ боп,
Құранмен өмір сүргейсің!

Елімізді көркейткен,
Жақсы тұлға болғайсың!
Осы ғой менің қалауым,
Бердім шырақ батамды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бердім бата өлеңінің авторы кім?

Арсланбек Абдраманов — осы өлеңнің авторы.

Бердім бата өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бердім бата өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Арсланбек Абдраманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бердім бата өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер