Бұрынғыдай жайың бар ма? – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Бұрынғыдай жайың бар ма?» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2466
Бұрынғыдай жайың бар ма?
Мінетұғын тайың бар ма?
Жылағанда дайын тұрған
Қарындағы майың бар ма?

Бұрынғыдай елің бар ма?
Үй артында желің бар ма?
Шұрқырасып маңыраған
Шулап жатқан төлің бар ма?

Өрелеген етің бар ма?
Кеселеген сүтің бар ма?
Ертелі-кеш сауып ішер
Аруанадай құтың бар ма?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері