Төбемізден түсіп жатты алмалар
Бұл бетте «Төбемізден түсіп жатты алмалар» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Мирмухсинға)
Оңтүстікте әр үйде атыз-арна бар,
Солтүстікте көрмегендер таңданар.
Дос үйінің ауласында отырдық.
Төбемізден түсіп жатты алмалар.
Атқан таңнан алған алғаш от ұрлап,
Төбемізден түсті алмалар топырлап.
Сенің бақшаң алуан гүлге бөленген
Шығыс жайлы дастан содан оқылмақ.
Қызыл гүлің — жаңа жайнап шыққан күн
Көк гүлдерің көк түсіндей бұлттардың.
Албыраған екі бетің анардай
Сенен бұрын Анар сырын ұққан кім?
Әр нәрсеге жүгірмесін бекер ой,
Гүл бақшаңда жырла,досым, кетер бой.
Енді білдім, піссе өлең кеудеде
Сол алмадай өзі түседі екен ғой.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі