Дей салдым – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Дей салдым» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3398
Сен де арманда, қалқатай-ей, мен де арманда,
Екі арманда жылайды айрылғанда, дей салдым-ей.
Кішкентайдан бірге өскен-ей құрбым едің,
Нең кетеді артыңа қайрылғанда, дей салдым-ай.

Ей, екеуім-ай,
Екеуім-ай,
Үкілі кер жүрмейді
Жетегіме, дей салдым-ай.

Қош болғайсың, қалқатай-ей, қош болғайсың,
Бозжорға аттың тізгінін бос салғайсың, дей салдым-ай,
Ұмытпай жүр, қалқатай-ей, ұмытпай жүр,
Екінші рет кез болсаң еске алғайсың, дей салдым-ай.

Ей, екеуім-ай,
Екеуім-ай,
Үкілі кер жүрмейді
Жетегіме, дей салдым-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дей салдым өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Дей салдым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дей салдым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дей салдым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері