Кеңістікке қол созып – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Кеңістікке қол созып» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.09.2021
  • 0
  • 0
  • 834
Тағы да тербет мені, бесік-күндер,
Елеңдеп күтудемін –
Кешіктіңдер.
Сендерден дәмеленіп жүргенімде
Кеткенін көрдіңдер ме көшіп кімдер?
Сағынып сарғайғанда жалғыз-жарым,
Оралып соқпадыңдар, балғындарым.
Көз жетті, маған мойын бұрмайсыңдар,
Тек қана көкіректе қалды ырғағың.
Сөйлесем көрген жерім жоқ қысылып,
Ащы да тәтті тілден кетті шығып.
Одан да самұрық құсап аңыздағы,
Жөн бе еді әкетсеңдер көкке ұшырып?
Қаперсіз қалқып жүрсем кеңістікте,
Ойыма кірмей ұрыс-керіс – түк те.
Жұлдыздай жайбарақат аға берсем,
Өрі жоқ, еңісі жоқ – тегістікте.
Сырлас боп, бесік-күндер, сеністік пе?
Қалжыңдап қолым создым кеңістікке.
Не жетсін жерімдегі жалғыз сәтке,
Сенбеңдер қиялыма, келістік пе?!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кеңістікке қол созып өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Кеңістікке қол созып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кеңістікке қол созып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кеңістікке қол созып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері