Қамажай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қамажай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.05.2019
  • 0
  • 3
  • 10073
Басында Қамажайдың бір тал үкі,
Айрылып Қамажайдан болдым күлкі.
Айрылып Қамажайдан отырғанда,
Келеді қай жерімнен ойын-күлкі.

Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай, қалдың кейін, сәулетайым.

Қолында Қамажайдың алтын жүзік,
Қамажай отыр ма екен көзін сүзіп.
Көрмесе жарты сағат тұра алмаушы ед,
Апырмай кетті ме екен күдер үзіп.

Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай, қалдың кейін, сәулетайым.

Ертістің жағалауын жағалаймын,
Мұз болса көк бестіні тағалаймын.
Үш топтан таңдап алған Қамажайым,
Өзіңді тоқсан қызға бағалаймын.

Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай, қалдың кейін, сәулетайым.

Мал жақсы жылқы деген бағып жүрсе,
Мойнына үкі-тамыр тағып жүрсе.
Ішінен бір жорғаны таңдап мініп,
Аулына Қамажайдың барып жүрсе.

Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай, қалдың кейін, сәулетайым.


Пікірлер (3)

Аида♡

Керемет маған осы ән ұнайды

Ришад

Жақсы ән

Лаура

«Қамажай» – қазақтың ауыз әдебиетіндегі ең әсем, ең нәзік лирикалық туындылардың бірі. Бұл өлеңді оқыған сайын бойымды сағыныш, махаббат және әдемілік сезімі билейді. Халық ақыны Қамажай атты сұлудың бейнесін соншалықты шебер жеткізген: «Басында Қамажайдың бір тал үкі, Айрылып Қамажайдан болдым күлкі» деген жолдар-ақ адамның жарқыраған сұлудан айырылып, қаншалықты күйзелгенін аңғартады.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қамажай өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Қамажай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қамажай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қамажай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері