Пятигорск

Бұл бетте «Пятигорск» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1912
Ішін өртеп бір жалын,
Ерте тұрған ғашық күн,
Сүйгенінде шыңдарын
Бестау менен Машуктің.
Бүкіл қала тұрады,
Оянып таң нұрымен.
Омырауын жуады,
Екі таудың суымен.
Салмасын деп байбалам,
Бірдей көріп екеуін.
Жалғыз өзі жайлаған
Екі таудың етегін.
Көз алдында тау тұнып,
Өзен де тұр «жылап тал»,
Таста бүркіт талпынып,
Тасырлаған бұлақтар.
Құз қиядан құлаған,
Еріп су боп мұз белі.
Күнде дауыл сұраған,
Жатыр ақын іздері.
Таңғы лебі ауаның,
Жапыраққа тұнғандай.
Ақ денесін қаланың,
Шипа сулар жуғандай.
Ерте тұрып ол бұрын,
Сақтағандай жұрт үшін —
Жас ауаның мөлдірін,
Бұйра бұлақ күлкісін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пятигорск өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Пятигорск өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пятигорск өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пятигорск өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері