Қызыл бидай

Бұл бетте «Қызыл бидай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.05.2019
  • 0
  • 0
  • 5677
Қыз емес, қыздың аты – қызыл бидай,
Қыз үшін түнде жүрдім көңілін қимай,
Қалмады баста бөрік, белде белбеу,
Жеңгесін қызды ауылдың сыйлай-сыйлай.

Ақау айдай,
Қызыл бидай.
Болғанша жарың жаман,
О, шіркін, алсын Құдай!

Қыз емес, қыздың аты – қызыл өрік,
Баршасы бірдей келсін мінез, көрік.
Сыртынан жүзін көрмей құмарланып,
Әркімдер жүрсе-дағы болып жерік.

Ақау айдай,
Қызыл бидай.
Болғанша жарың жаман,
О, шіркін, алсын Құдай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызыл бидай өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Қызыл бидай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызыл бидай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызыл бидай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері