Ойланшы өзің – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ойланшы өзің» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2194
Дүние өте шығар құрдай пырлап,
Өтпейді-ау өтерінде, сірә, жарлап.
Екеуің, ойланшы өзің,
Бірге өскен кішкенеден құрбым едің.
Көңіліңді көтерелік күліп-ойнап,
Екеуің, ойланшы өзің.

Дүние өте шығар басыңыздан,
Бала едің әдеп көрген жасыңыздан,
Екеуің, ойланшы өзің.
Он бес пен жиырманың арасында,
Кетпейтін келген кісі қасыңыздан.
Жан қалқам, ойланшы өзің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері