Сағыныш сазы

Бұл бетте «Сағыныш сазы» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 6316
Сағыныш сазы сен едің,
Ғашықтың бірі мен едім.
Армандай асыл ақ гүлім,
Өзіңді аңсап келемін.
Арманым неткен көп еді,
Асудай асу бел еді.
Жанымда ұйықтап жатсаң да,
Түсімде сені көремін.

Қысылып жаным, жүрегім күйіп,
Жүре алмаспын, жаным, сені өзгеге қиып.
Қарашы маған, күлімдеп көзің,
Жасыңды тыйып, жасыңды тыйып.
Біреулер келер, біреулер кетер,
Сонда, жаным, сен болмасаң қасымда егер.
Нұр шашқан күндер, жұлдызды түндер,
Бәрі де бекер.

Көзіңнен ыстық, жас тамар,
Көрмейді бірақ басқалар.
Таусылса жасың егер де,
Суалар мәңгі жас жанар.
Қыз көп болса да өмірде сұлу,
Бермейді бірақ жүрекке жылу.
Ал менің болса бар арманым,
Өзіңді, жаным, бақытты қылу.

Қысылып жаным, жүрегім күйіп,
Жүре алмаспын, жаным, сені өзгеге қиып.
Қарашы маған, күлімдеп көзің,
Жасыңды тыйып, жасыңды тыйып.
Біреулер келер, біреулер кетер,
Сонда, жаным, сен болмасаң қасымда егер.
Нұр шашқан күндер, жұлдызды түндер,
Бәрі де бекер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағыныш сазы өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Сағыныш сазы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағыныш сазы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағыныш сазы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері