Шіркін, әннің бұлбұлы-ай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Шіркін, әннің бұлбұлы-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2446
Сен де мендей, ей құрбым, мен де сендей,
Неге селкеу тартасың көрмегендей, сәулем-ай.
Бір ауылдың сыйласқан баласы едік,
Еш нәрсе алып, еш нәрсе бермегендей, сәулем-ай.

[Қайырмасы]
Шіркін, әннің бұлбұлы-ай.
Өтеді дәурен бір күн-ай.

Ойлап тұрсаң дүние шолақ екен,
Бір-біріне адамзат қонақ екен, сәулем-ай.
Қызғалдақтай қызарған қайран жастық,
Қазан ұрмай, қыс түспей салады екен, сәулем-ай.

[Қайырмасы]
Шіркін, әннің бұлбұлы-ай.
Өтеді дәурен бір күн-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері