Бір бидай-арпа – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Бір бидай-арпа» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 5485
Ұшады аққу көлден байпандаған,
Қалқаға бір сөзім бар айта алмаған.
Су құйып сырлы аяққа тұндырғандай,
Көзіңнен айналайын жаутандаған.

Бір бидай-арпа,
Өзің біл қалқа.

Ұшады көк ала үйрек көлге қарсы,
Ұясы жануардың желге қарсы.
Кеткенде аулың шалғай, тату қалқам,
Төгілер орамалға көздің жасы.

Бір бидай - әнім,
Жоқ сенсіз - сәнім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері