Махаббат вальсі – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Махаббат вальсі» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған махаббат туралы өлең берілген.

  • 13.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3702
Таң атқанда гүл бағын суарамын,
Күнде ертемен өзеннен су аламын.
Алтын сәуле көремін сол бір шақта
Сенің нұрың болар деп қуанамын.

Қайырмасы:
Жаным деп маған үн қатқан,
Жүрекпен сүйіп ұнатқан.
Бақытым менің,
Таппаспын теңін-
Бахаббат гүл атқан.

Сағынышпен күтемін әрбір таңды,
Жақсы үмітпен арнаймын толқын әнді,
бақытымдай жалт еткен жанарыңнан,
Ұшқын түсті жаныма өшпес мәңгі.

Қайырмасы.

Өзің сүйіп аңсаған ардағыңмын,
Өзің едің жұлдызы арманымның.
Көгершіндей ұялап көңіліңе,
Жүрегіңде табысқан жан-жарыңмын.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері