Тербеледі тың дала – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Тербеледі тың дала» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 13.05.2019
  • 0
  • 0
  • 7941
Түнгі самал егін басын тербейді,
Алыста қыр қарауытып келбейді.
Айдың нұры баяу ғана дірілдеп,
Тың алқапты көкшіл шұғыла көрнейді.

Айлы дала салқын самал тамаша!
Екі ғашық қол ұстасып келе жатыр оңаша.

Екі ғашық қол ұстасып келеді,
Айтылмақ сөз, ақтармақ сыр көп еді.
Бар болғаны жүрек тулап дем ысып,
Әлсің - әлсің ерінге ерін төнеді.

Жанға рақат түннің салқын самалы!
Махаббаттың,махаббаттың оты лаулап жанады.

Махаббаттың оты лаулап жанады,
Сол жалыннан жүрек сая табады.
Түнгі дүние төңіректе мөлгейді,
Тербеледі тың егіннің алабы.

Айлы дала, салқын самал тамаша!
Екі ғашық, екі ғашық келе жатыр оңаша.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тербеледі тың дала өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Тербеледі тың дала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тербеледі тың дала өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тербеледі тың дала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері