Ұлым Нұратқа

Бұл бетте «Ұлым Нұратқа» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 657
Ауылға қашып кетті төлім менің,
Ұқпадым неден сонша жерінгенін.
Қарашы, баламызбен екеуміздің
Әлден-ақ арамыздың бөлінгенін.
Қозы үнін аңсады ма қозым менің,
Дөңбекшіп төсегімде көз ілмедім.
Елжіреп іші-бауырым жылып отыр,
Білген соң қырдың желін сезінгенін.
Таңырқап таудан ақса бұлақ төмен,
Жүр дейді бірге ойнақтап лақпенен.
Сары уыз, бал қымыздың дәмін татып,
Алдына күнде жауып құлақ деген.
Жүр дейді гүлге еркелеп, құлдыраңдап,
Сағынсам барармын-ау бір күн арнап.
Енесін жаңа тапқан жас құлындай,
Қайтпасын кері қарай тұрмын аңдап.
Жүр дейді құтты ортаға бауыр басып,
Жүретін дуылдасып, қауымдасып.
Сағынттың, қадірлі ауыл – сабырлы әже,
Қолыма ұстатпайтын ауыр қасық...

1980


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлым Нұратқа өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Ұлым Нұратқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлым Нұратқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлым Нұратқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері