Ақ ерке — жайық

Бұл бетте «Ақ ерке — жайық» атты Төлеген Айбергенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.05.2019
  • 0
  • 1
  • 28687
Арманым саған ауған,
Самал соқса жағалаудан.
Жүректе тербетілген
Ақ Жайығым,
Ақ еркем,
Аңсаған ән өлкем.
Жаным-ау дара туған,
Ағыстардан жаратылған.
Жайықтың жағалай тал жағасынан
Қымбаттым,
Сен мағанда
Тіл қаттың.

Қайырмасы:
Өзіңсің жаным,
Жаңғыртқан әнім,
Каспийдің толықын тауларын.
Сенбісің көгілдір махаббатым,
Алқызыл алаулы таңдарым.

Айдыным шалқыған бір
Дидарында толқыған нұр.
Мен сені көрдім,еркем,
Ерке теңіз
Аспанға
Маржандар шашқанда.
Айрылмас достығыңның
Айғағы ма қос бұрымың.
Жанымды нұрландырып,
Сенің шолпан
Жанарың
Алаулап барамын.

Қайырмасы.
Бір сәуле күлімдеген
Жанарыңнан дірілдеген.
Сен сені балықшының
Арманынан,
Жан сәулем,
Іздеймін аңсаумен.
Арманым саған ауған,
Самал соқса жағалаудан.
Жүректе тербетілген
Ақ Жайығымм,
Ақ еркем,
Аңсаған ән өлкем.

Қайырмасы.


Пікірлер (1)

Ешкім

Апай жатта деп жатыр

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ ерке — жайық өлеңінің авторы кім?

Төлеген Айбергенов — осы өлеңнің авторы.

Ақ ерке — жайық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ ерке — жайық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Төлеген Айбергенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ ерке — жайық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері