Кешікпей келем деп ең – Мұхтар Шаханов

Бұл бетте «Кешікпей келем деп ең» атты Мұхтар Шаханов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.05.2019
  • 0
  • 1
  • 44574
Аңсаған бақытым сияқтанып,
Ай туып келеді қияқтанып.
Жол жаққа қараймын,
Сен жоқсың, арайлым
Кешікпей келем деп ең,
Мен тұрмын елеңдеумен.

Қайтемін кінәлап бұған сені,
Сағатың алдаған шығар сені.
Нұр ойнап көзіңде,
Уәделі кезіңде
Кешікпей келем деп ең,
Мен тұрмын елеңдеумен.

Көшеде сырласып, шалқып басып,
Құрбылар барады қолтықтасып.
Тағатым таусылды,
Аңсадым даусыңды.
Кешікпей келем деп ең,
Мен тұрмын елеңдеумен.


Пікірлер (1)

Марат

«Кешіктім, келем деп ен…» — жүрек толғанысын шынайы жеткізген әсерлі поэтикалық шығарма. Өлеңде автор өткен шақ пен қазіргі шақ арасындағы сағынышты, кешігудің сырлы эмоциясын терең сезіммен суреттейді. Тілінің қарапайымдылығы мен ойының тереңдігі оқырманға эмоциялық әсер беретіні анық, әрбір жолы жүрекке жақын таразыдай салмақты. Оқырманға ой салатын, ішкі толғаныс пен сезімнің нәзіктігін паш ететін туынды. Мұхтар Шаханов мықты ақын!!

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері