Бүркіттің төрт саусағы – Серікбай Оспанов

Бұл бетте «Бүркіттің төрт саусағы» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3035
Көрдім тұяқ салғанын,
Бүріп түлкі алғанын.
Ал атайды бүркіттің
«Тегеурін» деп бармағын.

Ол шеңгелін кең ашар,
Қорқып аң, құс, төл қашар.
Сығым – аты жоқ қолы,
Сұқ саусағы – жембасар.

Оған қай құс тең келмек,
Оған бірдей Жер мен Көк.
Төртіншісі – шынашақ,
Атайды оны «шеңгел» деп.

Бүркіт осал жаралмас,
Саусағының бәрі – алмас.
Тегеурін – ең мықтысы,
Онсыз бүркіт аң алмас.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бүркіттің төрт саусағы өлеңінің авторы кім?

Серікбай Оспанов — осы өлеңнің авторы.

Бүркіттің төрт саусағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бүркіттің төрт саусағы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серікбай Оспанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бүркіттің төрт саусағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері