Жеті нота – Тілеуғазы Бейсембеков

Бұл бетте «Жеті нота» атты Тілеуғазы Бейсембеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3376
Жеті санын халқымыз
Қасиетті санаған.
Қадірлеген салтымыз,
Жақсылыққа балаған.

Аптада бар жеті күн,
Демалысы соңында.
Білсең нота тетігін,
Жетеу – саны оның да.

«До» дегенің – дүйсенбі,
«Ре» – сейсенбі емес пе?
«Ми» дегенің сәрсенбі,
Сақта мұны сен еске.

«Фа» – бейсенбі, «соль» – жұма,
«Ля» дегенің – сенбі күн.
«Си» – жексенбі, болды ма?
Таласады енді кім?
Далам – ән мен күй елі,
Әр күніміз – думан-той.
Жеті күннен киелі –
Жеті нота туған ғой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жеті нота өлеңінің авторы кім?

Тілеуғазы Бейсембеков — осы өлеңнің авторы.

Жеті нота өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жеті нота өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тілеуғазы Бейсембеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жеті нота өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері