Менің момын жеңешем – Қалижан Бекхожин

Бұл бетте «Менің момын жеңешем» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1633
Қырдан көрдік көп егін...
Көзбен шолып келемін
Көк теңіздей көлбеген
Көз жеткісіз көлемін.
Егін басы толы адам,
Егін толқын — тулаған.
Мотор гуі, қыз шуы,
Толқып келіп тұр маған.
Көрдім алып кемені,
Қырқа жарып келеді.
Қауыз ұшып қардайын,
Дүрілдеген комбайн,
Рулін тура бұраған,
Үстінде тұр бір адам.
Ұстап көріп бидайды,
Мотор күйін тыңдайды.
Машинаша бұралған
Қолы шапшаң ыңғайлы.
Бұл айбынды кім десем?
Менің момын жеңешем.
МТС-те қыруар іс...
Партиялық жиналыс.
— Қайда сертің кешегі?
— Қайда мотор бөлшегі?
Бізден алған астықты?
Қамбада кім өлшеді?
Қамбада жоқ электр,
Тәртіп қайда, директор?—
Деп жалындап бір адам
Директорды сынаған.
Өткір тілді бұл шешен,
Қайдан келді, кім десем? —
Менің момын жеңешем.
Өтсем жасыл жылғадан,
Мал соңында жүр ағам.
Шерттім осы жырымды,
Жеңешемді жырлаған:
— Бұрын тіпті бұйығы,
Көрмеген көп жиынды,
Мотор түгіл арбаны
Жүргізу боп арманы,
Сізге батпай жасқанып,
Жүрген момын жеңешем,
Қандай ғажап! Басқарып,
Комбайнды жүр — десем,—
Қойды баққан ойлы аға
Жымияды жай ғана.
Мейлің, аға, не десең —
Озды сенен жеңешем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің момын жеңешем өлеңінің авторы кім?

Қалижан Бекхожин — осы өлеңнің авторы.

Менің момын жеңешем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің момын жеңешем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалижан Бекхожин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің момын жеңешем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар