Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Ақынның албырттығы жарасады

Бұл бетте «Ақынның албырттығы жарасады» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1563
(Әбдікәрімге)

Боз үйлер қаздай қонған белес еді,
Сауырдан жорға қоңыр жел еседі.
Қарттарын қойлы ауылдың жинап Сәбең
Кеш болса кең күмбезде кеңеседі.
Сәбеңе көп тиген ғой сөз үлесі,
Өзі де — дүниенің шежіресі.
Сөйлейді тыңдағанды желпіндіріп,
Ашылып сарайының кең іргесі.
Кетсейші сол бір үйге сыйып бәрі,
Ағаның рақат сөзге ұйытқаны.
Уа, қырсық, «ақсақал» деп мені біреу,
Әкелді қалған жұртты жиып тағы.
Амал не, шашым ұстап берді мені,
Ағыттым одан-бұдан әңгімені.
Ал сонау шеткі үйден шыққан шулар
Жастықтың думай даусын әйгіледі.
Сол үндер құлағымды елеңдетіп,
Отырдым орынымда әрең бекіп.
Оқшауда мәз екен ғой қыз-бозбала,
Ішінде Әбдікәрім өлеңдетіп.
Қызық қой өлең туса қыздар үшін,
Кім оқыр салқын жырды мұздау үшін.
Жас ақын бақыттысың, бірақ іштен
Тұтанды менің ескі қызғанышым.
Әлі де тарланбоздың бар асауы,
Өлеңім талайлармен таласады.
Жырыңдай құрбы болсаң өзің қызға,
Ақынның албырттығы жарасады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақынның албырттығы жарасады өлеңінің авторы кім?

Қалижан Бекхожин — осы өлеңнің авторы.

Ақынның албырттығы жарасады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақынның албырттығы жарасады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалижан Бекхожин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақынның албырттығы жарасады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері