Құс сыңсыған сарайға

Бұл бетте «Құс сыңсыған сарайға» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1890
(«Луч Востока» колхозының құс өсірушісі Мария Проскуринаға)

Жарқыратқан жайлауды
Аппақ сарай шатырлы.
Алтын қызыл айдарлы
Әтеш соған шақырды.
Қызыл, ала құс сыңсып,
Қызыға біз байқадық.
Қасымызда жүр ыршып,
Қызыл шоқтар жайқалып.
Шағаладай көп тауық
Көз тұндырар, тамаша!
Шібилері шекіскен,
Бокс соққан балаша.
Сапырылысқан толқынша,
Күміс қанат дүние.
Көзді тартқан осынша,
Бұл дәулетке кім ие?
Ақ қанат қолы керілсе
Маржандай жем шашылған.
Ақ халат киіп көрінсе,
Құс біткен кетпес қасынан.
Балапан қонып қолына
Баурында құстар билеген.
Тіл қатқан шаңқан тобына,
Біз білмейтін тілменен.
Ақ жұмыртқа шашуды
Алдына тартқан әр ұя.
Құсбегісі бөктердің
Проскурина Мария.
Мың-мыңдап құстың түлегін
Мыңғырған қойдай ергізген.
Сыбанып құтты білегін
Құсына маржан тергізген.
Ақ жұмыртқа, cap уыз,
Алдынан өрбіп, таралып,
Тамсана қалып бәріміз
Марияға қарадық
Барабар ескен малына,
Ырыстың бұл ордасы.
Мың-мың құсқа Мария
Секілді бір қолбасы.
Тамаша ғой көңілге
Ақ қанаттар жарқылдап,
Өрсе колхоз көлінде
Қаз, үйректер қаңқылдап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құс сыңсыған сарайға өлеңінің авторы кім?

Қалижан Бекхожин — осы өлеңнің авторы.

Құс сыңсыған сарайға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құс сыңсыған сарайға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалижан Бекхожин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құс сыңсыған сарайға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері