Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Орыс ақынына

Бұл бетте «Орыс ақынына» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1758
Сағынысып көрісемін сенімен,
Сеніменен жасамақпын серуен.
Зор Москва көшесінде шалқып бір,
Жалындауға поэзия лебімен.
Поэзия теңізі ғой Москва,
Лирикамды шерткім келді достыма.
Қанат қақты менің ұшқыр жырларым
Москваның жұлдыздары астында.
Тербелгендей екеуміз бір бесікте,
Өскендей бір жастан еркелесіп те,
Әзілдесіп сырласамыз, ағамыз
Өзенінде жырдың оймен есіп те.
Ақын достым, не жаздың деп жуырда,
Қуанасың менің жаңа жырыма.
Маған мақтан, қазақ жазған өлеңнің
Тербеткені Москваның ұлын да.
Жырларымның бөлек сөзі, түрі де...
Түсінесің бірақ менің үніме.
Ырғағы бір, ағыны бір жолдарым
Үн қосады саған қазақ тілінде.
Сенің жырың — орыс үнді, от тілді,
Жүрегіме толқындаған төкті үнді.
Орыс даусын, орыс жырын ұқтым мен,
Сондықтан да менің даусым екпінді.
Сен өлеңге даңқ бердің күшті үнмен
Өрге шапқан жолдарыңа түстім мен.
Маяковский маршымен ағындап,
Сөздеріме көрік алдым Пушкиннен.
Мен ғана емес, сенің жыршыл үйіңде
Достарың көп сөйлеген өз тілінде.
Өлеңдері әзірбайжан, армянның
Есігіңді қағып күнде кіруде...
Соның бәрі үндеріңнен от алды,
Аралаттың жырымызға Отанды.
Өр дауысты өлеңі үшін орыстың,
Көтеремін шарап толы бокалды!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Орыс ақынына өлеңінің авторы кім?

Қалижан Бекхожин — осы өлеңнің авторы.

Орыс ақынына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Орыс ақынына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалижан Бекхожин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Орыс ақынына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері