Сағындым мен Тәттімбеттің жазығын

Бұл бетте «Сағындым мен Тәттімбеттің жазығын» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3123
Шуағындай балғын бөбек жазымның
Сағындым мен Тәттімбеттің жазығын.
Саумал көлдің қамыстарын сырнай ғып,
Өстім сонда естіп аққу, қаз үнін.
Тынысындай ерке бала шағымның,
Тәттімбеттің тәтті лебін сағындым.
Желмен ойнап жүгіріп ем ұстауға
Жарқылдаған сәулесінен сағымның.
Көк майсада көбелектей ойнадым,
Жалғыз ғана бір бақытты ойладым,
Сол бақытым — өткен сенде ойыным,
Жалғыз ғана сол қызыққа тоймадым.
Өзге алаң жоқ, жоқ айғай да, ызың да,
Берілдім мен сол балалық қызуға.
Өзімде жоқ, өзгелерден қызғанып,
Қараушы едім құлын, тайға қызыға.
Жатса мейлі қой, қозылар маңырап,
Кетсе мейлі бұзау біткен жамырап,
Мәз едім мен, шатырласа нажағай,
Төксе нөсер, сықырласа шаңырақ.
Маған ыстық шетте бір үй қараша —
Менің үйім, өзгелерден тамаша.
Жымыңдайтын жұлдыз көктен, түндіктің
Жыртығынан түнде тұрып қараса.
Тимесе де маған орын төрінен,
Сол бір лашық кең күмбездей көрінген.
Енді міне, алтын бөлме сарайға,
Сыймай кейде несіне мен керілем?
Жаһан кезген жарты ғасыр жасымның
Тәттімбетте өткіздім ең асылын.
Онда менің тайдай тулап жүрегім,
Алшысынан түсуші еді асығым.
Онда мұндай тебіренуді кім білген,
Балалықпен жүремін деп мың жыл мен.
Онда тентек мінезімнің бәрі жөн,
Міңгірлесіп тұрмаушы едім мылжыңмен.
Кеттім сенен, жүйрік жылдар өтті көп,
Тауға тарттым миуалары тәтті деп.
Ақ бас ақын атандым да, не пайда,
Балалығым қалды сенде, Тәттімбет!
Қия кезіп бақыт құсын ауладым,
Өлеңіммен дүбірлеттім тау маңын.
Бірақ әлі сонау бала шағымдай
Көк төсіңе келеді бір аунағым.
Сақтап әлі балалықтың гүлін сен,
Әлі балғын шығарсың-ау бүгін сен.
Бәлкім мен де жасарармын балаша
Қазотыңды иіскеп бір жүгірсем.
Қалсын бәрі, сенің ерке балаңмын,
Жазығыңа жаным жайнап барармын.
«Тентегім» деп лебің сүйсе маңдайдан,
Бақташың боп жазығыңда қалармын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағындым мен Тәттімбеттің жазығын өлеңінің авторы кім?

Қалижан Бекхожин — осы өлеңнің авторы.

Сағындым мен Тәттімбеттің жазығын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағындым мен Тәттімбеттің жазығын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалижан Бекхожин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағындым мен Тәттімбеттің жазығын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері