Ақын және теңіз – Сапарғали Бегалин

Бұл бетте «Ақын және теңіз» атты Сапарғали Бегалин жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3700
(Пушкиннің Қара теңізбен қоштасып тұрған суретіне қарап).

Теңізді дауыл сапырып,
Жартасты толқын тарпиды,
Үйіріліп толқын лапырып,
Толқынды толқын қарпиды.
Көз жеткісіз көз майдан,
Теңіз де, көк те қаракөк.
Алыста тұман бір ойдан—
Жүрегін ақын қайғы жеп:
Ақынның ұшқыр қиялы,
Сүңгиді теңіз суына.
Дауыл мен толқын ем болып,
Жүректің ащы уына.
Қош айтқалы ақын тұр,
Сүйген теңіз шуына: —
Мен де бір толқын өзіндей,
Шуылда толқын, шуылда.
Шуыңа жаным жай табар,
Шуылда шарпып асқарға.
Мен де сендей толқынмын
Ұрылған меңіреу тастарға.

1937


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын және теңіз өлеңінің авторы кім?

Сапарғали Бегалин — осы өлеңнің авторы.

Ақын және теңіз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын және теңіз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақын және теңіз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар