Сағындырған сәулем-ай
Бұл бетте «Сағындырған сәулем-ай» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айналайын сүйген жар, күтем сені,
Көздің жасын ағылтып сөкпе мені.
Шәркән-ай, дәурен-ай,
Сағындырған сәулем-ай.
Жаңбыр тисе жайнаған жаз гүліндей,
Көздің жасы - жарыңа жүрек емі.
Шәркән-ай, дәурен-ай,
Сағындырған сәулем-ай.
Күткен сәулем, жеттік біз ұлы тойға,
Жеңіс, шаттық күш берді ақыл-ойға.
Шәркән-ай, дәурен-ай,
Сағындырған сәулем-ай.
Құшақ жайып қарсы алам,сүйген қалқа,
Жүрек кілті табылар осы тойда.
Шәркән-ай,дәурен-ай,
Сағындырған сәулем-ай.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі