Мерекелі жастарға – Қалижан Бекхожин

Бұл бетте «Мерекелі жастарға» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2019
  • 0
  • 0
  • 4267
Сендердікі — шексіз дарқан атырап,
Сендердікі гүлдер мен жас жапырақ.
Сендердікі — ән шырқаған бұлбұл мен
Алтын күн де нұры түскен шашырап.
Сендердікі — келешектей кең қырлар,
Сендердікі — өрен күйлер, тың жырлар.
Сендердікі — нажағайлы нөсер мен
Айдындағы алға шапқан толқындар.
Дауылдар да дабылдар да қағатын,
Құс жолы да жұлдыздарға баратын —
Сендердікі!
Марштауға Марсқа
Жер серігі — зымырандай қанатын.
Бас, масайра, жас дүниені дүбірлет!
Сенде — білім, сенде — қайрат, құдірет.
Отанымның жұлдызындай жарқырап,
Гүлдеріндей жайқалыңдар күлімдеп!
Көтер туды кең әлемге көлбетіп,
Жастық әнмен,
Жалын күшпен өрлетіп.
Қозға шаттық кемелерін биікке,
Теңізімнің толқынындай тербетіп.
Еркін ұрпақ тұлға жаңа ғасырға!
Қуанышың жетсін әлем жасына.
Компартия қуат берді, ұмтыл тез
Келешектің шыңдарына асуға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мерекелі жастарға өлеңінің авторы кім?

Қалижан Бекхожин — осы өлеңнің авторы.

Мерекелі жастарға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мерекелі жастарға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалижан Бекхожин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мерекелі жастарға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері