Жасыл белде – Қалижан Бекхожин

Бұл бетте «Жасыл белде» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1335
Жасыл белде желпіндіріп келем мен,
Жаңа туған жан самалы өлеңмен.
Өлең өзі жүрегіме құйылды,
Жұрт даусынан жаңғыртқан сол қиырды,
Өрнек сызып, cap адырдың жазығы
Жаңа жырлар тың бетіне жазылды.
Жорғаласа арқаның жел-самалы
Желкілдейді жасыл егін сабағы.
Қиялымда ғажайып жыр көктеді,
Бұл жондарға болушы едім өкпелі.
Жапан дүздің түндеріндей көңілсіз,
Бұл белдерден көшкен бұрын ел үнсіз.
Адырларға әжім салған кәрі із көп,
Атам менің жортқан екен дән іздеп,
Көрдім міне, сол іздердің беттері,
Аталардың арманындай көктеді.
Ту төбенің ылдиында, төсінде,
Толықсиды тыңнан туған несібе.
Жасыл белді желпіндіріп келем мен,
Жаңа туған жан самалы өлеңмен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жасыл белде өлеңінің авторы кім?

Қалижан Бекхожин — осы өлеңнің авторы.

Жасыл белде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жасыл белде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалижан Бекхожин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жасыл белде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері