Тіріліп күндіз – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Тіріліп күндіз» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 565
Тіріліп күндіз,
түнде — өлем,
төңіректің бәрі айла,—
ит қалды ма үрмеген,
ауыл-аймақ, маңайда?
Тізгін берген жылпосқа
Заман қандай болады?
Сатылатын бір тостқа
ағам қайдан оңады!
Таппады да жүрек ем,
ақпады ма көз жасым,—
соларды ойлап жүдеген
жүйкең неге тозбасын!
Туа сала —
тірінің —
ойлайтыны бір мәнсап,
бірі етін жеп бірінің,
қулар сауық құрған шақ!
Сол қу атқа мінді ме,—
көзіне ілмей кісіні,
Тап-тап берер тілдіге,
қаптап берер күшігі.
Көріп келем жасымнан,
қояр да едім қозғамай,—
жұрттан қулық асырған
жылпостардың озғаны-ай!
Жақсыларға жолар ма,
жарытыпты кімді асы,
Ел не керек оларға,—
ойлайтыны бір басы.
Өзі де бір мықтының
қолтығына тығылған,—
Қол жияды құтты күн
жылмаңдаған зұлымнан.
Ақталмаса үмітің,
ақпаса да көз жасың,
Соларды ойлап күні-түн,
жүйкең қалай тозбасын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тіріліп күндіз өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Тіріліп күндіз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тіріліп күндіз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тіріліп күндіз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері