Орамалын кестелеп – Қалижан Бекхожин

Бұл бетте «Орамалын кестелеп» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1800
Романс

Таң алдында тәтті ұйықтап
Тынықты жас келіншек,
Отырған ол түн ұзақ,
Орамалын кестелеп.
Алыста жүр сүйгені
Шекараны күзетіп.
Кеше ғана хат келді
Қайтамын деп жыл өтіп.
Қуанышты жарының
Айтқан сөзі еске кеп,
Отырды түн ұзақта,
Орамалын кестелеп...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері