Батар күннің тауда қалып

Бұл бетте «Батар күннің тауда қалып» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1653
Батар күннің тауда қалып сирағы,
Cay денесі сай ішінде қирады.
Анау жақтан аю бұлттар шыға кеп,
Күннің алтын сынықтарын жинады.
Жинады да бері қарай жөңкілді,
Пұшпақтары өртке күйген секілді.
Бұлтты мазақ, күнді аза тұтқандай
Теңіз жақтан өгіз баржа өкірді.
Ақ сәулені алдына сап түн-жігіт,
Лақтырмақшы теңізге әкеп күлдіріп.
Сол үміттен жылығандай су іші,
Ыстық бір леп көк қойнауға тұр кіріп.
Сағада ойнап, салады ойнақ балықтар,
«Сен де мені қуып жет те, алып қал!» -
Дейді ақ шабақ, асау шортан қуады,
Толқынынан дірілдейді қайықтар.
Жер ошақтан қызыл шоқтар ұшады,
Қара қазан күрең жалын құшады.
Қайран бойың дір етеді сонда бір
Әлде кімнің арбап ыстық құшағы.
Ал алыста маяк самсап жағылып,
Мүлгиді аймақ тыныштыққа табынып,
«Пенде шіркін, мен де шіркін» - дегендей
Қалғиды Алтай қамқа тонын жамылып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Батар күннің тауда қалып өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Батар күннің тауда қалып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Батар күннің тауда қалып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Батар күннің тауда қалып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері