Жұлдыз - ой – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Жұлдыз - ой» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Түнгі мезгіл. Ой күзетіп отырмын.
Ұнамайды маған ешбір бүйткеннің,
Ұнамайды жағаласып жаныммен
Үргені өңкей иттердің.
Аспан жақтан түсе қалса арқандар,
Өрмелеуге мен де дайын тұрар ем.
Жүрегімде, жүрегімде - қалқан бар,
Жұлдыздардың қал-жағдайын сұрар ем.
Мені емес, мен оятып таңдарды,
Ұзақ-ұзақ отырамын бұл күнде.
Арпалысым, үмітім де үкілі –
Тәкаппарлау күлкімде.
Уақытымды түк үнемдей алмаймын.
Биіктеумін жауқаудан.
Кіп-кішкентай жүрегімнен аумаймын
Алданатын аңқаудан.
Түнгі мезгіл. Ой күзетіп отырмын.
Қандай қысқа түні, түні көктемнің.
Таңды бүгін тағы көзбен атырдым
Мен ойланып бітпедім...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұлдыз - ой өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Жұлдыз - ой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұлдыз - ой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақпал Жұмабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұлдыз - ой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері