Әбжаппар, Нұрмағамбетке айтқаны

Бұл бетте «Әбжаппар, Нұрмағамбетке айтқаны» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1376
Әбжаппар, Нұрмағамбет - екі інім,
Үйреткен ерлер едің елге білім.
Сендерді осындай деп есіткенде,
Жадырап, жайылып еді жаны - ділім.
Мұңайып мұндай күйде тұрғанда ағаң,
Отыру лайық па тартып шылым?
Шыдамай, қолға қалам ұстаттырды,
Ұйқаспен өкпе айтуға қызыл тілім.
Қол мен тіл қос өгіздей қосылған соң,
Қорғалап шықпай қалды "қой" деуге үнім.
Келгелі Қазалыға екі ай болды,
Қайғылы көкірегім, көзім — ірің.
Қамауы қашық емес қастарында,
Төбеме түсетұғын атқан күлің.
Қалай, - деп, әл - жағдайың, сәлем беріп,
Себеп не, кетпедіңдер көріп түрім.
Кек тұтып келмеді деп жек көрмеймін,
Тапқай деп тілектеспін ұзақ жүрім.
Қошемет қай біріңнен болмаған соң,
Жабығып, жапырылып, қалды жүнім.
Жар, достың жан ашырлық өздері едің,
Арнайы бергізетін сақтар сүрін.
Қаламыз көп қуанып, мәз - мейрам боп,
Жудырып берсеңдер де көйлек, кірін.
Жар Басқаның байқауымда бірін-бірін.
Боп тұрмын әлсіз арық, жалсыз жауыр,
Таусылып тамақ, талқан, тиын, мірім.
Сөткеге сұлы наны ржанайдың,
Кетірді кеуде күшін, іштің бүрін.
Ақылдан алжастырып, азайтты аштық,
Алмадай бет ажарым, көздің нұрын.
Қамыстай қара күйе өртең шалған,
Қауқиып құлақ пенен қалды мұрын.
Еткен наз есі барға, айтқан өкпе,
Мазалы болады майдан, балдан - шырын.
Сендерге сол себептен сәлем жаздым,
Теріңдер Тұрекеңнің шашқан дүрін.
Екеуің оқып бірдей осы сөзді,
Етіңдер ойнап-күліп күрің - күрің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әбжаппар, Нұрмағамбетке айтқаны өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Әбжаппар, Нұрмағамбетке айтқаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әбжаппар, Нұрмағамбетке айтқаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әбжаппар, Нұрмағамбетке айтқаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері