Ботақан – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Ботақан» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2589
Өркеш құмдар... аралды
Айнала шөккен түйедей.
Қашан, қалай жаралды? –
Жатыр айтпай, үндемей.
Біз қараймыз үңіліп,
Еш қимыл жоқ маңайда...
Бар төңірек тұр мүлгіп,
Бәрі жым-жырт, бәрі ойда...
Үлкен өркеш, кіші өркеш –
Құмдар, құмдар, құм талай
Шет-шегіне көз жетпес...
Жатыр өңір қымтамай.
Алдады ма көз талып,
Кенет қимыл - бұл қалай?
Бір... екі... құм қозғалып
Келе жатыр бер қарай!
Кішкене қос сүйір құм...
Суси түсіп, ырғалып,
Келе жатыр... бұйырғын
Ортасымен қақ жарып.
Кенет екі от жарқ етті...
Әлі үнсіз - жұрт аң-таң.
Таңырқатқан сол көпті
Болып шықты... Ботақан!
Кетті жайнап сол мекен
Бота шығып, - «Жұрт» шығып
Сонша неге болды екен
Сүйкімді бұл тіршілік!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ботақан өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Ботақан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ботақан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ботақан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері