Дилижан

Бұл бетте «Дилижан» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1402
Хамит Ғұламға

Есімде Дили, сүйкімді сәби
Биледің биді, көзінде ұшқын.
Ауада жүзген саусағың бір күй,
Алдымда бала құстай боп ұштың.
Үй іші бейне сағымды дала –
Киіктей зырлап кеттің-ау бір сәт!
Үй іші бейне көк ала дария –
Жүздің-ау бір кез балапанға ұқсап.
Дір қағып иық, маңдайың биік,
Бусанып сәл-сәл мөлдіреп шықтай.
Әкеңнің тұрдың қолында сиып,
Бір уыс бейне ақ торғын бұлттай.
Көтерді сені, кетерді ол тіп-тік,
Төгілді селі көзіңнен нұрдың.
Қап-қара жанар, қап-қара кірпік,
Өзгеше ғажап күнге ұқсап тұрдың.
Өтсе де аз жыл, сағынып келдім,
Толсыншы биге бұл сапар үйің.
Тағы да талдай майысып белің
Билеші, қалқам, «Гүлбахар» биін.
«Әуп» етем сені, кел «ағатайлап»,
Қылықты сәби, нұрға бай, досым,
Төбемде менің сен болып жайнап
Өзбектің күні тұрғандай болсын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дилижан өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Дилижан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дилижан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дилижан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері