Астана

Бұл бетте «Астана» атты Кәдірбек Құныпияұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 1
  • 6600
Шат қуаныш сыйлаған
Кәріге де жасқа да.
Құшақ жайып тұр маған
Әсем қала – Астана.

Араладым ертемен
Арман болған қаланы.
Ортасында ерке өзен –
Есіл ағып барады.

Ұжмақ шаһар ұққанға,
Ұя сыйлар ұл-қызға.
Бәйтерекке шыққанда
Төбең тиер жұлдызға.

Таң қалдырмай қоймайды
Сонша сәулет, сонша түр.
Қиялыңдай самғайды
Ертегі боп Хан Шатыр.

Төрінде тұр Ақорда,
Байырқалап барша бақ.
Тоғысады сан арна
Ел тілегін арқалап.

Күлімдейді шаттана,
Күллі елімнің тілегі.
Әсем қала Астана –
Қазақстан жүрегі!


Пікірлер (1)

Аружан

Астанаға барғанда
Куанышка кенеліп
Бәитерегім бар менің
Астанамның басында

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Астана өлеңінің авторы кім?

Кәдірбек Құныпияұлы — осы өлеңнің авторы.

Астана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Астана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәдірбек Құныпияұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Астана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері