Қамқор

Бұл бетте «Қамқор» атты Кәдірбек Құныпияұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3716
Шақырмады Шынарды,
Шақырмады Құмарды.
Үйде ойнатып отыр ол
Қарындасы Тұмарды.
Көкейін көп тесетін,
Қиды ойынның нешесін.
Текеметтің үстінде
Тәй-тәйлайды бөпесін.
Жұмыста жүр көкесі,
Дүкенде жүр шешесі.
Олар қайда кетті деп,
Уілдейді бөпесі.
Кәмпит алып мамасы,
Келіп қалар шамасы.
Томпиған қыз Тұмарды
Ойнатады ағасы.
Ұмытты да көшені,
Жаялықты төседі.
Ботақандар осылай
Бауырласып өседі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қамқор өлеңінің авторы кім?

Кәдірбек Құныпияұлы — осы өлеңнің авторы.

Қамқор өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қамқор өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәдірбек Құныпияұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қамқор өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері