Келешек мерекесі

Бұл бетте «Келешек мерекесі» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 654
Жиырма жылдан кейін өмір қандайды
Адамзатқа көрсетеді десеңіз,
Материалистер құр қиялға нанбайды,
Ленинді оқы, не боларын көрсеңіз!
Жиырма жылдан кейін біздің отанға
Коммунизм күні жайнап ғажайып,
Өлмеген жан жүрсе біздің қатарда,
Жарқырауын көрер бақыт жазы анық.
Миллион жанды, сұлу совет елінің,
Қарапайым перзентінің біріміз,
Еңбек сүйгіш саналы жұрт легінің,
Жиырма жылдан кейін көркін көріңіз!
Әр семья, әрбір адам өмірін
Көркейтеді, кектен жайнап ерке күн.
Кешегімнен тіпті қызық бүгінім,
Бүгінімнен қызығырақ ертеңім.
Сексенге кеп тойымды да тойлаймын,
Коммунизм таңын көріп кенелем.
Бір тамаша жан болар деп ойлаймын,
Сонда титтей Мырзахмет немерем?
Қазір тентек, өзі ерке, үш жаста,
Былдырлаған қызық тіпті мінезі.
Кейде шофер, батыр ұшқыш та
Болам дейді, ерт сөндіргіш бірде өзі.
Коммунизм ғасырында бір үй де
Өртенбейді, болмас мүмкін шофер да,
Сәби шіркін не сезеді бұл күйде,
Ол ертеңін біліп бүгін отыр ма?!
Әкелері, балалары олардың
Қалай қойды коммунизм сарайын.
Бақыты үшін жас өспірім балалардың,
Туғызды олар таңның өшпес арайын.
Бұдан жиырма жылдан кейін ер жетіп,
Мырзахметтер нұрға бөлеп жүрегін,
Елді өмір асуларға өрлетіп,
Мезгіл өзі шарықтатар түлегін.
Кең маңдайлы, иесі үлкен өнердің,
Хош иісті гүлге бөлеп даланы,
Инженері таудың, судың, я жердің
Мырзахметтер болар ғылым маманы...
Осы күнгі біздің титтей Мұхтарлар
Коммунизм дәмін толық тата алар.
Болар нағыз өмір сырын ұққандар,
Коммунизм нағыз ұлы атанар!
Әр ұлттың жаны, қаны бірдей боп,
Күллі адамзат болады онда туысқан,
Шұғыласын бірдей шашқан күндей боп,
Туар мезгіл жұлдызбен де жарысқан.
Әрбір адам өз шамасы келгенше,
Еңбегімен бірін бірі ардақтап,
Ленин атын күндей сүйіп, өлгенше
Әспеттелер адам деген ардақты ат!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Келешек мерекесі өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Келешек мерекесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Келешек мерекесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Келешек мерекесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері