Иірмекіл

Бұл бетте «Иірмекіл» атты Кәдірбек Құныпияұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3228
Асығың түссе алшыдан –
Несібе күт аңшыдан.
Биік ұшып бүркітің,
Құс іледі қаршығаң.

Асығың түссе тәйкеден –
Жоғарылар мәртебең.
Алдына қара салдырмай,
Атың келер бәйгеден.

Асығың түссе бүгінен –
Көш түзелер жүгімен.
Нұрлы ертеңің туралы
Түс көресің түнімен.

Асығың түссе шігінен –
Қуаныш болар шынымен.
Жақсы көрер жандарың
Қарсы алады гүлімен.

Асығың түссе омпадан –
Жасайсың сен оң қадам.
Аталарың асықпен
Ертеңді өстіп болжаған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Иірмекіл өлеңінің авторы кім?

Кәдірбек Құныпияұлы — осы өлеңнің авторы.

Иірмекіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Иірмекіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәдірбек Құныпияұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Иірмекіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері