Шиелі – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Шиелі» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.08.2021
  • 0
  • 0
  • 2117
Асан Қайғы арман еткен,
Мәуелі жер танабы
Емес пе екен деп ойлайсың
Шиелінің алабы.
Жасыл шілік, көк бұйра тал
Күміс көлдер жағасы.
Самал сүйген судырайды
Қайың, терек ағашы.
Көкше құрақ, күміс бұлақ
Күліп аққан сылдырап,
Қалың жыныс – жиделі бақ
Көңілінде жыр құрап.
Қақ айырып жер қыртысын
Тастағандай төнкеріп,
Қаракөл қой қыратында
Жатыр жонды көмкеріп.
Алқабында қамыстайын
Теңселеді ақ күріш.
Кең өлкесін дерсің жапқан
Ақ көдесін ақ пүліш.
Сені қалай мақтаса да
Сиярлықтай Сыр елі.
Жер жаннаты десе болар
Жер екенсің Шиелі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шиелі өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Шиелі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шиелі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шиелі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері