Кінәлай берсін ақынды – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Кінәлай берсін ақынды» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 953
Кінәлай берсін ақынды
Әжуашыл, аужай жау мына,
Үндемей алам ақымды,
Болмай-ақ қақпақ аузына.
Жабайы құстай шөлдегі,
Қайықтай айдын көлдегі,
Самғатып еркін жырымды,
Көремін жалғыз күнімді.
Періште-ау, бірге өзіңмен
Рахат сәтін бөліссем,
Көзімді алмай көзіңнен,
Жан ләззат тапсам мен іштен.
Отырсаң жақын жанымда
Қолымды қысып сен менің,
Ұйтқыса жалын қанымда,
Сөзінде нем бар өзгенің!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері