Жылашар – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Жылашар» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1269
Отанның дүрс-дүрс соққан жүрегінен —
Москва, мәңгі тірек Кремльден,
Куранттар сыңғырының арасынан
Жылдардың сан кіргенін білемін мен.
Ол жылдар жатыр менің қанымда ойнап,
Ағады өмірімді қалың бойлап.
Күмбездей жарқыраған күндері оның
Бақыттың қуаныштың бәріне айғақ.
Ал міне келе жатыр жыл жаңасы,
Оранып жалаулар мен туға басы!
Есімі — мың тоғыз жүз жетпіс алты —
Сықасқан миллион состав сыбағасы.
Бастаушы бесжылдықтың бел тұңғышы,
Сезіліп анадайдан серпін күші,
Сеніммен келеді аттап, әр адымын,
Секілді алған еркін ел тынысы.
Оң сапар!
Маңдайында он саны бар!
Сен оны сергек танып, болсаң ұғар, —
Елу жыл бесжылдықтар туғанына
Толатын тойдың ұлы қарсаңы бар.
Ғажайып келбетіне кескін бұрсаң —
Көзіңе тағы әнекей түсті бір сан!—
Жиырма бес!
Партияның съезі — ол,
Осынау бес жылдықты іске қосқан.
Жол болсын, мың тоғыз жүз жетпіс алты,
Жалғассын жеңістердің жақсы салты!
Қарсы алды қанатыңнан сүйіп сенің
Қаһарман, қайратты Отан, Совет халқы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жылашар өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Жылашар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жылашар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жылашар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері