Менің әнім – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Менің әнім» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2024
(Бақытқа)

Салшы, Бақыт, сал әніңе,
Салшы, балам, шырқатшы.
Тәтті саз бар өлеңінде,
Болмаса да ұйқасы.
Шығар менің мерейімнен,
Тыңдайыншы бір қанбай.
Сенің бала көмейіңнен
Бал құйылып тұрғандай.
Көп қой бұлбұл жер бетінде,
Өнер сыйын мол алған.
Менің жаным тербетуге
Сен шеберсің солардан.
Кешір, сәби, түсінерсің,
Әдейі ерте мақтадым.
Жаса, жаса, кісі бол сен,
Сүйікті ұлым — жақсы әнім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің әнім өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Менің әнім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің әнім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің әнім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері