Біз гүл едік – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Біз гүл едік» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Біз гүл едік
Ортақ майда көктеген,
Көп гүл едік
Көктем берген леппенен.

Достық деген
Алтын арқан байланып,
Қосақталып
Бір қазықтан кетпеген.

Обалың не –
Бірдей қатар дүзедік,
Махаббаттан
Жүз тіріліп, жүз өліп.

Ығы-жығы Жәрмеңкенің төсінде
Сырнайлатқан
Сырбаздарың біз едік.
Тауға қарап

Ақша бұлттар көшкенде,
Дария бойлап,
Ақ қайықтар ескенде,
Біз екен – деп

Ойлап қалам елегзіп,
Я - сен – деп
Қоштамайды еш пенде.
Тек төбемнен

Жауып өткен ақ нөсер –
Мұнда сенің
Жас мінезің бар десер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біз гүл едік өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Біз гүл едік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біз гүл едік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біз гүл едік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері