Үшарал – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Үшарал» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2082
«Үшарал — жерім-ай,
Сауықшыл сайран, елім-ай»
Халық әні

Тасып кеп таудан түскен тек,
Тасырда-тұсыр тасты айдап.
Алакөлді аңсап үш Тентек,
Ағалап барып бас қоймақ.
Тоғысқан сол бір пұшпақта
Ететін бүгін ел мекен.
«Шалқайып басы үш жаққа
Үшарал қалған» дейді екен.
Жайлайтын елі жаз тауып,
Ежелден шұрай — құт табан.
Жағалай құрақ сыздауыт
Байласа бие шықпаған.
Алакөл саба сол жағы,
Он жақтан таулар төніскен.
Табиғат берген олжаны,
Тапжылмай жатып бөліскен.
Жер екен жайсаң Үшарал,
Елі жомарт өскен бай.
Әлемді мейлің үш орал,
Табыла бермес жер сондай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үшарал өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Үшарал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үшарал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үшарал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері