Жігіт ақын – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Жігіт ақын» атты Ғафу Қайырбеков жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 25.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2228
(Сұлтанмахмұтқа)

Жомарт қой біздің бұл халық
Тілеуін ақтан тілеген,
Келеді бір-бір ұлды алып
Еңсесі көкті тіреген.
Туғызар талай еркін ел,
Жолаушы жолын суытпас.
Келешек бәрін келтірер,
Берешек дала ұмытпас!
Жырлады әсем солай бір
Халқының асыл мұратын.
Сұлтанмахмұт Торайғыр
Немересі — ұлы ақын.
Жиырма сегіз жасында
Тағдыр ажал тап қылған.
Жиырма сегіз ғасырға
Ол өлеңін лақтырған.
Ағып түсіп көгінен
Нажағай боп тас тіліп,
Қарар бүгін терімнен
Бір сүйкімді жас жігіт.
Ойлап, қиял жүгіртіп,
Сүйсінемін даңқына.
Ол мәңгілік жігіттік
Жасап кетті халқына!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жігіт ақын өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Жігіт ақын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жігіт ақын өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жігіт ақын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері